Басқармадағылардың түсініктемесіне жүгінсек, жөндеуден шыққан электропоезд «Қарағанды-Сортировочная» бекетінен Астанаға қайтып келе жатқан. Отарба тізгіншісінің айтуынша, 664-шақырымда күтпеген жерден бір еркек поездың астына түсіп кеткен. Отарбаны шұғыл тежеуге талпыныс жасалғанымен, одан нәтиже болмады. Жарақаттанған адам дереу ауылдық ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, әзірге қаза тапқан адамның аты-жөнін анықтау мүмкін болмай отыр. Оның қалтасынан ешқандай құжаттар табылмаған.