Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды, деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметінен.  

  • 19 Қазан 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Нұра аудандық ІІБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» инспекторлары бірлескен рейд шарасы барысында Баршын ауылының маңында 40 жастағы Ақмола облысының тұрғыны басқарған «Ауди» көлігі тоқтатылды. Салонда екі жолаушы, Нұра ауданының тұрғындары болған.  Көлікті тінту кезінде 12 калибрлі қару, киіктің 38  мүйізі мен жануардың мүшелеп бөлінген еті табылды», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК  337 бабы 4 бөліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. 


Соңғы жаңалықтар