Caravan Logo

Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

«Нұра аудандық ІІБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» инспекторлары бірлескен рейд шарасы барысында Баршын ауылының маңында 40 жастағы Ақмола облысының тұрғыны басқарған «Ауди» көлігі тоқтатылды. Салонда екі жолаушы, Нұра ауданының тұрғындары болған.  Көлікті тінту кезінде 12 калибрлі қару, киіктің 38  мүйізі мен жануардың мүшелеп бөлінген еті табылды», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК  337 бабы 4 бөліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.