Қарағанды облысында бруццелез жұқтырған мал етін сатуға жол берген ауыл әкімі жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында бруццелез жұқтырған мал етін сатуға жол берген ауыл әкімі жазаланады

Қарағанды облысында бруццелез жұқтырған мал етін сатуға жол берген ауыл әкімі жазаланады

Қарағанды облысында бруццелезбен ауыратын малдың еті саудаға түсті, деп мәлім етті Нұра ауданының прокуроры Асылхан Әділханов.

  • 21 Маусым 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Нұра ауданының прокуратурасы тексеру барысында ветеринарлық заңнаманы бұзу фактілерін анықтады. Көбетей ауылындағы шаруа қожалығы бруцеллезбен ауыратын малды сойып, етті саудаға өткізіп жіберген», — деді қадағалаушы органның басшысы.

Прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, жеке ауланы тексеру барысында 39 бас ұсақ және 49 бас ірі қара малдан бруцеллезге оң нәтиже шыққан.

«Шаруа қожалығының иесіне ауру малды оқшаулау туралы нұсқау берілді. 5 күннің ішінде малды өлтіріп, етті жою талап етілді. Құзырлы органға 32 бас ұсақ тұяқты малдың өртеу арқылы көзі құртылғаны туралы ақпарат берілді. Ал аталған мал ветеринария бөлімінің лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз сойылып, Қарағанды қаласынан келген белгісіз біреулерге өткізілген», — деді А. Әділханов.

«Нәтижесінде халықтың бруцеллез жұқтырған малдың етін тұтынуына алғышарт жасалды», — деді аудан прокуроры.

Осы оқиғаға байланысты лауазымды тұлғалар жазаланды, деді ол. «Ауылдық округ бойынша шектеуші шаралар қамтамасыз етілмеген. Ветеринария бөлімі қоршағандардың денсаулығына қауіп төндіретін мал мен өнімдерді тәркілеу туралы заң талаптарын орындамаған. Прокуратура аудан әкімінің атына заң бұзу фактілерін жою туралы ұсыным енгізді», — деді А. Әділханов.

Қадағалаушы органның ақпаратына сәйкес, Көбетей ауылының әкімі, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы мен маманы тәртіптік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар