Қарағанды облысында бүрмелі металл конструкциялар шығаратын зауыт іске қосылды
«Айқын Жол» ЖШС Қарағанды облысында бүрмелі металл конструкциялар зауытын іске қосты. Жоба құны 220 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы ЖШС директоры Александр Зубов мәлім етті. |
Оның айтуынша, зауыт жылына 3 мың тонна металл конструкциялар шығарады.
Қазірдің өзінде компания 100 млн теңгеге тапсырыс алып үлгеріпті. «Біз Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізінің құрылысын бақылайтын инженерлік мекемемен келісім бекіттік. Биылдан бастап осы халықаралық трасса бойынша 100 млн теңгенің тапсырысын орындауымыз керек», - деп атап өтті А.Зубов.
Аталған жоба жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша «Индустриаландыру картасына» енгізілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін