Агенттік ақпаратына сәйкес, апат салдарынан 8 адам, соның ішінде «Мерседес-Бенц» микроавтобусының жүргізушісі мен жеті жолаушы қаза тапты. Тағы да сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.