Қарағанды облысында екі бала суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі бала суға батып кетті

Қарағанды облысында екі бала суға батып кетті

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында екі жас бала суға батып кетті, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

  • 14 Сәуiр 2015
  • 441
Фото - Caravan.kz

«9 сәуірде Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында бес және алты жастағы екі  бала хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен. Аудан полициясына балалардың жоғалғаны туралы факті ата-аналарының өтініштерімен тіркелді. Оларды іздестіру шаралары қабылданды. 10 сәуірде алты жасар ер баланың мүрдесі табылды, денесінде күштеп өлтіру белгілері болған жоқ. Екінші баланың денесі 12 сәуірде табылды», — делінген хабарламада.

Жазатайым оқиғаның су тасқына байланысы жоқ екендігі атап өтіледі.


«Сот алды тексеру барысында екі бала өзен маңында ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды», — деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.