Қарағанды облысында екі бірдей жеткіншек асылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында екі бірдей жеткіншек асылып өлді

Қарағанды облысында екі бірдей жеткіншек асылып өлді

Қарағанды облысында бір сыныпта оқитын екі бірдей жасөспірім асылып өлді. Қызылқайың ауылындағы мектептің 10-шы сыныбындағы үлгілі оқушылар бір біріне дос және құда балалар екен. Екі ұлдың бірінің артынан бірі өздеріне қол жұмсауына не түрткі болғанын жақындары мен ұстаздар түсіне алмай дал. 

  • 12 Қараша 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бір күнде болған екі өлімнен кейін ауылдағылар абдырап қалған. Нұрлан Темірбек озат оқушы болса, досы Райымбек Тәлейхан да алдынан үміт күттірген бозбала еді дейді ұстаздары. Бірақ ауыл тұрғындарының айтуынша, құда балалар өлер алдында жанжалдасыпты. Себебі белгісіз. Райымбек сол күні түнде өз-өзіне қол салған. Ақтық хатында ата-анасынан кешірім сұрапты. Ал марқұммен жаға жыртысты деген досы Нұрлан да ертесі күні-ақ ауыл шетіндегі ағаштардың арасында асылып қалған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, себеп-салдары анықталып жатыр. Мұғалімдер болса марқұмдардың қас-қабағынан уайым мен араздықты ешкім де байқамағандарын айтады. 


Мейрамхан Шотқа, мектеп мұғалімі:

— Екеуінің ортасында 8 сағат уақыт. Біріншісінің үйіне барып отырғанда, екіншісі туралы естідік. Өте бір түсінбейтін жағдайда тұрмыз. Өйткені бұл екі оқушымыз тәрбиелі отбасынан, көпбалалы отбасынан.