Жарияланды: 420

Қарағанды облысында екі қарағайды шауып алған ер адам жауапкершілікке тартылды

Қарағанды облысында жаңажылдық мерекенің алдында екі қарағайды кесіп алған ер адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Тихоновка кентінің тұрғыны рейдтік іс-шаралардың барысында ұсталды. Ол кентке жақын маңда орналасқан орманда заңсыз екі қарағайды шауып алған», - делінген хабарламада. Ағаштар алынды. Бұзушы келтірілген шығынды өтеуі тиіс, ол 50 мың теңгеге бағаланып отыр. Облыста 2012 жылдың 15-31 желтоқсаны аралығында жасыл желекті қорғау мақсатында «Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Шара барысында полиция қызметкерлері шыршаларды рұқсат етілмеген жерде сатқан Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полиция берген мәліметтерге сәйкес, сатылу үшін Қарағанды облысының аумағына Ресей Федерациясынан 2600-ден астам шырша әкелінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін