Қарағанды облысында елік атқан үш ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында елік атқан үш ер адам ұсталды

Қарағанды облысында елік атқан үш ер адам ұсталды

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында елікке заңсыз аңшылық жасауда күдікті танылған үш ер адам ұсталды,

  • 16 Қараша 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«15 қараша күні шамамен таңғы сағат 07:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы аумағындағы «Қарағанды-Қарқаралы» көлік жолында, Көкпекті ауылынан 2 шақырым жерде Қарағандының 45 жастағы тұрғыны жүргізген «Лексус» көлігі ұсталды. Оның ішінде 1981 және 1976 жылғы екі ер адам болған. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде алдын ала болжам бойынша еліктің тұтас еті және көліктің жолаушыларына тіркелген үш аңшылық мылтығы табылды», — делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 288 бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

«Алынған тұтас ет сараптамаға жіберілді. Ұсталған азаматтар ешқайда кетпеу қолхатын толтырды», — деп атап өтіледі хабарламада.

Соңғы жаңалықтар