Қарағанды облысында ең жоғары жалақыны тау-кен байыту өндірісінің қызметкерлері алады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында ең жоғары жалақыны тау-кен байыту өндірісінің қызметкерлері алады

Қарағанды облысында ең жоғары жалақыны тау-кен байыту өндірісінің қызметкерлері алады

Қарағанды облысында ең жоғары жалақыны тау-кен байыту өндірісінің қызметкерлері алады,

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

деп хабарланды статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның берген мәліметтеріне қарағанда, қазан айында облыста орташа жалақы мөлшері 93 259 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға жоғары.

Өндіріс саласында орташа жалақы мөлшері 120 309 теңгені құрады. «Ең жоғары жалақы — шамамен 130 мың теңге — тау-кен байыту және карьерлерді өңдеу саласындағы қызметкерлерде», — делінген облыстық статистика департаментінің хабарламасында.

Өңір бойынша, жалақы табысы бойынша Сәтбаев бірінші орынға шықты. Онда қазан айында жалақы 147 мың теңгені құрады. екінші орында 100 мың теңгемен Жезқазған тұр. Одан кейін Қарағанды (96 834 теңге) және Теміртау (95 083 теңге) жайғасты. Бұған қарағанда әлдеқайда төмен жалақы Ұлытау және Осакаров аудандарында, онда орташа жалақы мөлшері 59-60 мың теңгені құрайды.