Қарағанды облысында Еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясындағы ілкі жоба басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында Еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясындағы ілкі жоба басталды

Қарағанды облысында Еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясындағы ілкі жоба басталды

1 шілде күні Қарағанды облысында мемлекеттік еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы аясында ілкі жоба басталды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады.

«Облыс әкімдігінің қаулысымен аймақтық комиссия құрылып, бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысатын әрбір мемлекеттік орган үшін іс-қимыл жоспары бекітілді. Жер-жерден коммуналды мемлекеттік кәсіпорын үлгісіндегі еңбекпен қамту орталықтары ұйымдастырылды. Олар 1 шілде күні ашылып отыр», — деді облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жандос Әбішев.

«Ілкі жоба 2011 жылға есептелген. Бағдарлама үш бағыт бойынша, атап айтқанда, жұмыссыз адамдарды оқыту және жұмыс табуына көмектесу; ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту; еңбек ресурстарының икемділігін арттыру бағыттары бойынша жүзеге асады. Бағдарламаға қатысушылар мен мемлекет арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады», — деп атап өтті басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар