Қарағанды облысында ер адам абайсызда досын атып өлтірді
Қарағанды облысының Шет ауданында 38 жастағы ер адам абайсызда досын атып өлтірді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. |
Полицияның ақпаратынша, қайғылы оқиға 8 қазан күні түнде болды. «Шет ауданындағы Айғыржал ауылына жақын жерде аңшылық кезінде 38 жастағы ер адам абайсызда 12-ші калибрлі мылтығынан 35 жастағы танысына оқ атты. Жәбірленген ер адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.
Полицияның мәліметтерінше, мылтық қайтыс болған ер адамдыкі болды. Қазіргі уақытта тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде. «Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін