Қарағанды облысында ер адам абайсызда досын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында ер адам абайсызда досын атып өлтірді

Қарағанды облысында ер адам абайсызда досын атып өлтірді

Қарағанды облысының Шет ауданында 38 жастағы ер адам абайсызда досын атып өлтірді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 9 Қараша 2012
  • 361
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпаратынша, қайғылы оқиға 8 қазан күні түнде болды. «Шет ауданындағы Айғыржал ауылына жақын жерде аңшылық кезінде 38 жастағы ер адам абайсызда 12-ші калибрлі мылтығынан 35 жастағы танысына оқ атты. Жәбірленген ер адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Полицияның мәліметтерінше, мылтық қайтыс болған ер адамдыкі болды. Қазіргі уақытта тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде. «Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», — деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар