Полицияның ақпаратынша, қайғылы оқиға 8 қазан күні түнде болды. «Шет ауданындағы Айғыржал ауылына жақын жерде аңшылық кезінде 38 жастағы ер адам абайсызда 12-ші калибрлі мылтығынан 35 жастағы танысына оқ атты. Жәбірленген ер адам алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.
Полицияның мәліметтерінше, мылтық қайтыс болған ер адамдыкі болды. Қазіргі уақытта тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде. «Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», — деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.