Жарияланды: 500

Қарағанды облысында ерекше тәртіптегі колонияда қашу әрекетінің жолы кесілді

Қарағанды облысында ерекше тәртіптегі колонияда 14,5 жылға сотталған азаматтың қашуына жол берілмеді, деп хабарлады агенттікке ҚР әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен (ҚАЖК).

«27 маусымда таңғы сағат 5 шамасында Қарағанды облысының Сангородок кентінде сотталған азаматтың АК-159/17 мекемесінің (туберкулезды емдеумен ерекше режим) негізгі қоршауынан қашу әрекетінің жолы кесілді», – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. ҚР пенитенциарлық жүйесі өкілінің ақпаратына сәйкес, 31 жастағы азаматты колония қызметкерлері мен ІІМ ішкі әскерлерінің қарауыл наряды ұстап алған. «Қазір оны (сотталған азаматтың - ҚазТАГ) бұл қадамға не итермелегені анықталып жатыр. Оның аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ мерзімге сотталғаны және психиатр дәрігерде диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін