Олар бұл қылмыспен екі жыл бойына емін-еркін айналысыпты. Есірткі сататынарды қолға түсірсе де, айғақ затты қоймаға өткізбей өздері сатып келген екен. Саудамен айналысуға сол нашақорларды міндеттеген. Келіспесе, ұрып соққан және «қамаймыз» деп үркіткен. Тіпті, кейбірін түрмеге отырғызған да. Сондықтан қылмыстарына куәлік еткен 39 адамның арасында темір тордың арғы жағынан кеп, бұлардан көрген қорлықтарын айтқандар бар. Сот топтың серкесі Бауыржан Томановты 18, қалған үшеуін 16 жылдан бас бостандығынан айырды. Бірақ қорғаушылар олардың сүттен ақ, судан таза екенін айтып, апелляциялық арыз дайындап жатыр.