Қарағанды облысында футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті

Қарағанды облысында футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті

Қарағанды мен Абай қалаларында 4-8 қаңтар күндері футболдан жасөспірімдер арасында жарыстар өтті.

  • 10 Қаңтар 2012
  • 471
Фото - Caravan.kz

2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде болды. «Жаңажылдық демалыс» деген атпен өткен бұл жарысқа Қарағандыдан «Шахтер», «Шахтер-2» және «Жастар», Павлодардан «Ертіс», Сараннан «СДЮШОР», Теміртаудан «ДЮСШ-Болат» командалары қатысты. Тартысты өткен бәсекеде павлодарлық аяқдопшылар жеңіске жетті. Оларға ақтық сында есе жіберген теміртаулықтар екінші орын алды. Ал үздік үштікті жарыс қожайындарының «Шахтер» командасы түйіндеді.

«Шахтер» футбол клубының медиа-офицері Қайрат Әбілдиновтың айтуынша, 1999 жылы туған жасөспрімдер арасындағы жарыс Абай қаласында өтті. «Шахтер» футбол клубы» АҚ-ның ашық қысқы турниріне 5 команда қатысты. Бірінші орынды «Гефест» командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды «Шахтер-1» мен «Жастар» командалары сәйкесінше иеленді.