Қарағанды облысында газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды
Қарағанды облысында «ТемірГаз» ЖШС-нің ғимаратында газ баллоны жарылды, орын алған төтенше жағдайдың салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұл туралы Теміртау қалалық ТЖБ-дан хабарлады. «Теміртау маңындағы Жаңаауыл елді мекенінде «ТемірГаз» газ жеткізу компаниясының ғимаратында газ баллоны жарылды. Апаттан зардап шеккен 4 адам Теміртау ауруханасына жеткізілді». Жарылыстың салдарлары жойылуда. Себеп пен келтірілген шығын анықталу үстінде. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін