Қарағанды облысында индустрияландыру картасы үш жобамен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында индустрияландыру картасы үш жобамен толықты

Қарағанды облысында индустрияландыру картасы үш жобамен толықты

Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, отырыс барысында Индустрияландыру картасына енгізілетін жаңа жобалар мақұлданды.

  • 9 Маусым 2011
  • 648
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында ұсынылған үш жоба Индустрияландыру картасына енгізілуге ұсынылды.

Аймақ басшысы жобаларды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсыну үшін оларды мақұлдау туралы құжаттарды әзірлеуді тапсырды.

Облыс билігінің мәліметінше, бүгінге дейін Қарағанды облысынан Индустрияландыру картасына жалпы құны 300 млрд. теңге болатын 42 инвестициялық жоба қосылды. Олардың ішінде 47 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны 2011 жылы пайдалануға беру көзделген.

Соңғы жаңалықтар