Қарағанды облысында көктайғақ пен қатты желдің салдарынан екі автобус аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында көктайғақ пен қатты желдің салдарынан екі автобус аударылды

Қарағанды облысында көктайғақ пен қатты желдің салдарынан екі автобус аударылды

Бүгін сағат 11.30-да Қарағанды облысының Шет ауданында «Қарағанды-Балқаш» күре жолында, Қызылқой кентіне 1 шақырым жетпей, «Қарағанды-Шымкент» бағыты бойынша Балқашқа бара жатқан «SETRA» автобусының 38 жастағы жүргізушісі көктайғақ пен қатты желдің салдарынан жыраға аударылып кетті. Автобустың ішінде 40 жолаушы болған.

  • 12 Қараша 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан 1972 жылғы Қарағанды қаласының тұрғынының омыртқасы сынып, кеуде тұсына келген зақым келген. Ол ауруханаға жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Оған қоса бірнеше сағат бұрын «Қарағанды-Аягөз» тас жолында, Көктас ауылының жанында Қарқаралы-Қарағанды бойынша бағыт алған «МАН» рейстік автобусы аударылды. Автобус сағат 12.30-да Қарағанды қаласына шыққан. Нәтижесінде 16 адам зардап шекті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері өңірде жауын-шашын жауады, оның соңы көктайғаққа ұласуы әбден мүмкін.

Жүк көліктерінің жүргізушілері көктайғақ немесе қар басқан жол учаскелерінде кептеліске тап болмау үшін қажетті құрал-саймандармен (күрек, тайғанауға қарсы шынжыр, құм) жабдықталулары қажет.

Жол полициясы басқармасы жүргізушілерге сақ болуға кеңес береді: ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, төтенше жағдайды болдырмас үшін — қажет болмаған жағдайда елді мекеннің аумағынан шықпауға шақырады. Дизельді отынмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қоюға кеңес береді. Жолдарда апатты оқиғалар орын алған жағдайда ең жақын орналасқан жол полициясы қосынына хабарлауға немесе 41-55-55 телефон нөмірі бойынша жол полициясының кезекшілік бөліміне қоңырау шалуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар