Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан екі трасса жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан екі трасса жабылды

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан екі трасса жабылды

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы ахуалынан Қарағанды-Жезқазған және Қарағанды-Балхаш автотрассалары бір тәулікке жабылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2004
  • 490
Фото - Caravan.kz

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметінен берген түсініктемеге жүгінсек, соңғы тәуліктерде ауаның температурасы 0 градус шамасында сақталса, жексенбіде көп қар жауған. Осыған байланысты жолдардың кейбір бөліктерінде қатты мұз қатып, жүруге жағдай болмай қалды.

Бүгін, 9-ақпанда тас жолдардағы қозғалыс қайтадан қалпына келтірілді. Дейтұрғанмен, ауа райының ахуалы нашарлай түсуде. Қарағандыда күшті қарлы бұрқасын басталды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, әзірге күшті дауыл туралы ескерту берілген жоқ. Дейтұрғанмен, жағдай алдағы бірнеше сағатта өзгеруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар