Алғашқы медициналық десант Ақтоғай ауданына түсірілді.
Фтизиатр, әйелдер дәрігері, хирург, ішкі аурулар дәрігері , көз дәрігері тәрізді 20 адамнан құралған десант бір апта бойы ауданның шалғай ауылдарында жұмыс істеді.
Кәсіби дәрігерлер ауыл тұрғындарының денсаулығын қарап, медициналық көмектер көрсетті, аурулардың алдын алу мақсатындағы ағарту шараларын ұйымдастырып, қажетті жағдайда жеңіл операциялар жасап, нұсқаулар берді.
10-шілдеде кезекті десант Жаңаарқа ауданына бет түземек. Ал Қарқаралы ауданы десанттың бұдан кейінгі ат басын тірейтін жері ретінде межеленді.