Қарағанды облысында Мемлекет басшысының сапары жалғасуда
Қарағанды облысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс сапары жалғасуда. |
Бағдарламаға сәйкес, екінші күні Елбасы облыс әкімдігінің ғимаратында аймақтың жұртшылығымен кездеседі. Бұдан басқа, Президентке облыстың индустриялық жобалары ұсынылады. Жұмыс сапары Қарағандыдағвы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барумен аяқталады.
Бұрын хабарланғандай, ел Президентінің Қарағанды облысына жұмыс сапары 1 желтоқсанда басталды. Теміртауда Н.Назарбаев қалалық әкімдікте болып, онда оған ҚР Тұңғыш Президентінің өткен ғасырдың 70-ші жылдарының стилімен қалпына келтірілген мұражай кабинеті көрсетілді. Одан кейін ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына барды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Металлургтер алаңында өткен митингтің қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Одан кейін ел Президенті өткен жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өзінің қатысуымен іске қосылған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комбинатындағы үздіксіз әзірлеме құю машинасының жұмысымен танысты. Бұл жобаның іске асырылуы кәсіпорынға шаршы әзірлемені дайындауда өз өндірісімізді құру, сапалы сортты прокат шығару, шығарылатын өнімдер түрін көбейту және қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін берді.
Қарағандыда Н.Назарбаев үздік мектеп оқушылары, олимпиадалар мен медальдар иегерлерінің қатысуымен 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президент күні құрметіне ұйымдастырылған «Салтанат» балына барды. Одан кейін ел Президенті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессорлық-оқытушылық құрамның өкілдерімен, студенттермен осы ЖОО-да білім алу жылдарындағы курстастарымен кездесті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін