Қарағанды облысында мемлекетті алдаған ауылдық әкім айыппұлмен шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында мемлекетті алдаған ауылдық әкім айыппұлмен шектелді

Қарағанды облысында мемлекетті алдаған ауылдық әкім айыппұлмен шектелді

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты өзіне және қарамағындағыларға заңсыз сыйақы аударған Долинка ауылының бұрынғы әкіміне айыппұл салды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Шенеунікке қызметтік бабын теріс пайдаланғаны үшін 2 мың АЕК көлемде айыппұл салынды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне судья Рафаил Дурдыев мәлімдеді.

Қазір қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1512 теңгені құрайды.
Іс материалына сәйкес, Долинка ауылының әкімі 2010 жылдың соңында Шахтинск қаласының қаржылық қадағалау бөліміне мемлекеттік сатып алу саласында мәлімет бермегені үшін 50 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Өз қалтасынан ақша төлегісі келмеген әкім өзіне және өз қарамағындағы бірнеше адамға сыйақы бөлу туралы өкім шығарды. Олар сыйақыны алғанда, шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы мағлұмат қаржылық қадағалау бөліміне түспегені үшін қарамағындағыларды кінәліп, олардан алған ақшаны мемлекетке төлеу үшін өзіне беруді талап еткен.
Айыпкер қарамағындағвылардан 100 мың теңге алды. Оның кінәсі сотта толық дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар