Жарияланды: 370

Қарағанды облысында «Мерседес» мінген полицей жүк көлігімен соқтығысты

Қарағанды облысында жол апатынан бес адам зардап шекті, оның ішінде полиция офицері бар.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімі мәлімдегендей, жол апаты дүйсенбі күні Екатеринбург - Алматы жолында болған. Полиция майоры жүргізген «Мерседес» көлігі жол шетінде тұрған «Вольво» жүк көлігіне соғылған. 38 жастағы полиция майоры және үш жолаушы ауруханаға түскен. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер арасында Қырғызстан азаматы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін