Төтенше жағдай 1-ақпанда жауынгер облыстағы түрмелердің бірінде нысананы кезетіп тұрған кезде болған.
Облыстық әскери прокуратурадан хабарлағанындай, сарбаздың қаза табу себептері қазір анықталу үстінде. Бұл қайғылы оқиға ма, әлде жауынгер өз-өзіне қол жұмсады ма дегенді тергеу анықтайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың қазан айында 6505 әскери бөлімшесінде қатардағы жауынгер Асылбек Жұманов автоматтан атылып өлген болатын. Әскери-тергеу басқармасы ол жолы қатардағы жауынгердің өзіне-өзі қол жұмсауына бөлімшедегі әлімжеттік оқиғалары себепкер болғанын анықтаған. Осы іс бойынша алты жауынгерге, соның ішінде бөлімше командиріне айып жүктелді. ҚР әскерлерінің соты мен әскери сот 2004-жылдың тамыз айында айыпкерлерді түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырған.