Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды

Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды

Қарағанды облысында облыстық мәслихаттың үш депутаты сайланды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 30 Қазан 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Өткен жексенбіде үш сайлау учаскесінде облыстық мәслихаттың шығып кеткен депутаттарының орнына үш депутатты сайлау өтті. Сайлау Қарағанды қаласында, Абай және Шет аудандарында болды», — деді облыстық сайлау комиссиясынан.

Екі оқиғада орындар депутаттардың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты босады. Бұдан басқа, тағы бір халық қалаулысы тұрғылықты жерін ауыстырды.

Облыстық сайлау комиссиясынан келіп түскен ақпарат бойынша, депутаттыққа кенші Александр Прокудин, Абай орталық ауруханасының дәрігері Баязид Жұмабеков, Қайрақты орта мектебінің директоры Рымбала Шәкірбаева сайланды.

Соңғы жаңалықтар