Қарағанды облысында өндірісте алты адамның қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында өндірісте алты адамның қаза  табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында өндірісте алты адамның қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысы Бұхар жырау аудандық соты өндірісте алты адамның қаза табу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Күзбақов баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 426
Фото - Caravan.kz

15-қыркүйекте Қарағанды облысының Дубовка кентінде ағызынды сулар бункеріндегі жұмыс барысында алты адам улы будан уланып, төртеу оқиға орнында қаза тапса, екеуі ауруханаға жатқызылған болатын.

Н.Күзбақовтың айтуынша, Қарағанды ауруханасында артынан зардап шеккен екі адам да көз жұмды.

Қаза тапқандар «Ақнар» ЖШС-іне қарасты «Волынский» агроөнеркәсіптік кешенінің қызметкері болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта