Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласы Сәтпаев даңғылында екі қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйде 7 тамызда сағат 02.19-да 162 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан шатыр қирады.

Өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен екі жасар бала қаза тапты; төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 05.55-те сөндірілді. Өрт көршілес екі үйге қарай ойысты. Бір үйдегі өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 8 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 22 адамының көмегімен 4 сағат 35 минутта сөндірілді. 30 адам сыртқа шығарылды. Екінші үйдегі өртті тұрғындардың өзі сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар