Жарияланды: 410

Қарағанды облысында өрт сөндіру қызметінің 44 қызметкері жұмыстан шығарылды

Қарағанды облысында өрт сөндіру қызметінің 44 қызметкері аттестаттаудан өте алмай, органнан қуылды.

Бұл туралы облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен хабарланды. «Қарағанды облысында өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау аяқталды. Өңірлік аттестаттау комиссиясы 2,5 айдан астам уақыт жұмыс істеді. Отырыстар аптасына екі рет өтті. Жалпы алғанда аттестаттаудан өрт сөндіру қызметінің 1,5 мыңнан астам қызметкері өтті», - деп хабарлады ведомстводан. Ведомстводан берілген ақпаратқа көз жүгіртсек, өрт сөндіру қызметінің 58 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартты. Олар өз еріктері бойынша, немесе денсаулығына және жасына байланысты жұмыстан кетуге өтініш берді. «Өңірлік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша 1449 қызметкер қызметіне лайық ден танылды, олардың 51-і кадр резервіне алынуға ұсынылды. 54 қызметкер қызметі бойынша төмендетілді, 11-і басқа қызметке ауыстырылды. Ал 44 қызметкер өрт сөндіру органдарынан жұмыстан шығарылды», - деп қорытындылады ведомстводан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін