Қарағанды облысында өрттен бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікке шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында өрттен бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікке шалдықты

Қарағанды облысында өрттен бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікке шалдықты

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікке шалдықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Қарағандыдағы Қазыбек би ауданында, Большая Михайловка темір жол бекетінде он бес пәтерлі бір қабатты барак үлгісіндегі үйдің төрт пәтерінде шықты. 16-ақпанда 1 сағат 39 минутта 200 шаршы метр аумақта бөлмеаралық қабырғалар, еден мен төбе жабындары жанды.

Өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылып, тағы екі адам күйікке шалдығып ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 3 техникасы 5 сағат 10 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті