Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
2021 жылы AYALA қайырымдылық қоры жалпы сомасы 135,2 миллион теңге болатын жеті қайырымдылық жобаны іске асырды. Көмекке 1000-нан астам күнкөрісі төмен отбасы, екі балалар үйі, № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Теміртау қаласындағы № 5 арнайы мектеп-интернаты, Облыстық аурухана және Теміртау қаласының Ана мен бала орталығы ие болды.
Қараша айында «Таңшолпан» балалар үйі және Ерекше даму мүмкіндіктері бар балаларға арналған балалар үйі AYALA ҚҚ-ның көмегімен Cummins компаниясынан тігін және ағаш шеберханасына арналған заманауи жабдықтардың жиынтығын, сондай-ақ аспаздық шеберлік сыныптарын өткізуге арналған жабдықтарды алды. Осының арқасында жыл сайын 190 бала кәсіптік бағдарлау оқытуынан өтеді.
Балалардың денсаулығы мен зияткерлік әлеуетін сақтауға көмек көрсету үшін Samruk Kazyna Trust қоры Облыстық аурухананың Неонаталдық бөлімшесінің реанимация бөліміне автоматты гипотермияға арналған жабдықтар жиынтығын тапсырды. Мамыр айынан бастап бұл жабдықтар жеті баланың өміріне араша болды.
Қарағанды қаласының № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне және Теміртау қаласының № 5 арнайы мектеп-интернатына AYALAқоры «Арселлор Миталл Теміртау» компаниясының көмегін тартуға көмектесті, оған бұл мекемелерге құлаққаптар жиынтығымен екі TOMATIS Talks Upаппараты сатып алынды. Олар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дамуын түзетуге көмектеседі.
Қараша айында қор қазақстандықтардың жинаған қаражатына Теміртау қаласының Ана мен бала орталығына өкпені инвазивті емес желдету функциясы бар ӨЖЖ аппаратын және үш фототерапия шамын сатып әперді. Бұл заманауи құрал-жабдықтар жаңа туған нәрестелердің, оның ішінде дене салмағы өте төмен балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі. Ол 2022 жылдың басында осы медициналық орталықтың реанимация бөлімінде орнатылады.
«Біз 2021 жылды осындай тамаша нәтижелермен аяқтағанымызға қуаныштымыз. Біздің қордың барлық серіктестері мен демеушілерінің көмегі Қарағанды облысының тұрғындарына болашаққа бұдан да сенімді қарауына көмектеседі деп үміттенеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, істеріңізге сәттілік, игілік пен бейбітшілік тілейміз», — деді AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.