Жарияланды: 440

Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының жарғыш кеншісі қаза тапты

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Қарағанды облысында "Қазақмыс" корпорациясының жарғыш кеншісі қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында корпорациясының "Жезқазганцветмет" өндірістік бірлестігінің "Жомарт" кен орнында болған. 30 қарашада сағат 08.30-да қазба жұмыстары кезінде тау жынысы құлау салдарынан 31 жастағы жарғыш кенші оқиға орнында қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін