Қарағанды облысында құны 630 млн теңгелік мал бордақылау кешені салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында құны 630 млн теңгелік мал бордақылау кешені салынады

Қарағанды облысында құны 630 млн теңгелік мал бордақылау кешені салынады

Қарағанды облысында 2 мың бас ірі қараны бордақылау кешені салынады. Бұл туралы «Ескене» шаруа қожалығы басшысы Әбүйірхан Төлеуов мәлім етті.

  • 7 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Жобаның мақсаты — әулиекөл мен қазақтың ақбас тұқымдас жоғары өнімді малын өсіру. Ет ішкі рынокқа шығарылады», — деді Ә.Төлеуов Қарағандыда мемлекеттік жеделдетілген индустриалды-инновациялық бағдарламаның үйлестіру кеңесі отырысында.

Оның айтуынша, жобаның жалпы құны 630 млн теңге. Құрылыс 2013 жылы мамыр айында аяқталуы тиіс.
Жоба бойынша 300 бас тұқымдық ұрғашы мал сатып алынып, мал байлайтын 3 ғимарат, мал соятын орын салынады. Жайылымдарға су жеткізіліп, жем-шөп егілетін алқаптар көлемін арттыру, 6 жазғы алаң салу жоспарланып отыр.
Үйлестіру кеңесінің шешімімен бұл жоба аймақты Индустриаландыру картасына енгізілді.

Соңғы жаңалықтар