Қарағанды облысында сегіз жасар қыздың өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында сегіз жасар қыздың өлі денесі табылды

Қарағанды облысында сегіз жасар қыздың өлі денесі табылды

Қарағанды облысының Жәйрем ауылында екі апта бұрын жоғалған сегіз жасар қыз асылып тұрған күйінде табылған.

  • 22 Маусым 2011
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қыздың ағасы Кенжетай Мұқашев мәлімдегендей, оның жиен қарындасы Назымды ауыл шетіндегі иесіз қаңырап тұрған бес қабатты үйден жергілікті тұрғындар тауып алған.

«Кішкентай қызды өзінің колготкиіне асып кеткен. Қызды қатты ұрып соққан. Сараптама көрсеткендей, оны зорлаған», -дейді ол.
Қыз бала 5 маусым күні жоғалып кеткен. Аулада ойнап жүрген қызын анасы соңғы рет күндіз сағат үште көрген. Анасы ауладан Назымның доп ойнап жүргенін көрген. Кейін бір сағаттан кейін шыққанда, қызын таба алмаған.
Жоғалған Назымды ата-анасы кешке дейін іздеп, түнде полицияға хабарлаған. Қызды іздеуге ауыл тұрғындары, жергілікті кәсіпорын қызметкерлері де кіріскен.
Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар