Шараны «Психиатрия» облыстық бірлестігі өткізеді.
Бірлестіктің бас дәрігері Уәлихан Дүйсенбековтың айтуына қарағанда, онкүндік аясында әрбір қалаған адам облыстағы кез-келген психиатриялық мекеменің көмегі мен ақыл-кеңесіне алдын-ала бағыттаусыз , алдын-ала жазылмай-ақ жүгіне алады. Сондай-ақ, көптеген ағарту шаралары ұйымдастырылады. Атап айтқанда, мектеп мұғалімдері үшін жасөспірімдер арасындағы күйзелісті ахуалдың алдын алу проблемасы бойынша семинар өткізілмекші.
Облыстық «Психиатрия» бірлестігінің мәліметі бойынша, қазір Қарағанды облысында 37 мыңдай адам түрлі психикалық ақаумен тіркеуде тұр.
У.Дүйсенбековтың айтуынша, «бір әлеуметтік-экономикалық қоғамдық қалыптан екіншісіне көшкенде сезім-жүйке ауруларының саны ұлғая түсетіні заңды болғандықтан, ондай адамдардың көптеп тіркелуі қалыпты құбылыс болмақ». Алайда, маманның айтуынша, «қазірдің өзінде қоғамымыз дағдарыстан шығып, сауығуға бет түзеді деуге негіз бар».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11-қазанды психикалық денсаулық күні деп жариялаған.