Қарағанды облысында шенеунікті азаптаған үш полицей сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында шенеунікті азаптаған үш полицей сотталды

Қарағанды облысында шенеунікті азаптаған үш полицей сотталды

Қарағанды облысында үш полиция қызметкері азаптағаны үшін үш жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлады Нұра аудандық сотының баспасөз қызметінен.

  • 31 Шiлде 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Нұра аудандық соты  қылмыс жасағанын (16.07.1997 жылғы басылымындағы ҚР ҚК 141-1 б 2 б. «А» т.) мойындату мақсатында адамды азаптағаны үшін үш учаскелік полиция инспекторына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот сотталушыларды айыпты деп тапты. Олардың әрқайсысы 3 жыл жалпы режімдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталғандар 3 жыл ішкі істер органдарында лауазымды қызметте болу құқығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалдарында жазылғандай, полиция қызметкерлері ұсталған ер адамды тонаушылық жасағанын мойындауға мәжбүрлеген.  Олар қасақана күдіктіге  физикалық және психикалық қысым көрсеткен. Оқиға 2014 жылдың тамыз айында орын алған. Аталған факті бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады.


Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар