Қарағанды облысында шетелдік фирмалардың саны өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында шетелдік фирмалардың саны өсті

Қарағанды облысында шетелдік фирмалардың саны өсті

Қарағанды облысында тіркелген шетелдік кәсіпорындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті, деп хабарлайды облыстық статистика департаментінен.

  • 20 Қараша 2012
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шетелдік компаниялардың саны 722-ні құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 71 заңды тұлғаға көп», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінде.

Статистикалық мәліметтер бойынша, шетелдік заңды тұлғалардың негізгі саны — 94,6 пайыз шағын кәсіпорындар түрінде жұмыс істеуде. Орташа — 3,3 пайыз, ірі — 2,1 пайыз.

«Тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың негізгі санын алыс шетелдің азаматтары құрады. Олардың үлесі 73,4 пайызды құрады, қалған бөлігі — әлемнің басқа елдерінің аумағында тіркеліп, өз қызметтерін жүргізіп отырған заңды тұлғалардың шетелдік компаниялары», — делінеді хабарламада.

Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда облыста жалпы тіркелген шетелдік фирмалардың қатарында шетелдік азаматтардың иелігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың үлес салмағы 8,1 пайызға өсті.

Аймақ бойынша ең көп шетелдік фирмалар Қарағандыда — 80,3 пайыз тіркелді. Одан кейін Теміртау (10,5 пайыз), Жезқазған (2,5 пайыз) және Қаражал (2,5 пайыз) тұр.

Соңғы жаңалықтар