Қарағанды облысында сотталған бір топ азамат өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында сотталған бір топ азамат өз-өзіне қол жұмсады

Қарағанды облысында сотталған бір топ азамат өз-өзіне қол жұмсады

Қарағанды облысындағы бір абақтыда сотталған бір топ азамат өз-өзіне қол жұмсады. KZ-today тілшісіне сотталған азаматтардың туыстарынан мәлім болған бұл ақпаратты әділет министрлігіндегі бір ақпарат көзі растады.

  • 17 Қазан 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Төтенше оқиға Долинка ауылындағы қатал тәртіпті колонияда болған.

Әділет министрлігіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, 10 адам өздерін жеңіл жарақаттаған. Ал сотталғандардың туыс-туғандарының айтуынша, жараланғандар — 20 адам. Абақтыдағы ахуалға наразылық ретінде олар іштерін жарып жіберген-мыс.
Ал әділет министрлігіндегілердің айтуынша, адамдардың өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталу үстінде. Әзірге оқиғаның мән-жайын тап басып айту ерте, дейді ондағылар.

Перейти к новостям спорта