Қарағанды облысында судан құтқару шарасына еріктілер араласа бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында судан құтқару шарасына еріктілер араласа бастады

Қарағанды облысында судан құтқару шарасына еріктілер араласа бастады

Қарағанды облысында судан құтқару шарасына еріктілер араласа бастады. Өйткені  арнайы қызмет су қоймаларындағы  қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуге шамалары жетпейтінін ашық айтып отыр. Оның үстіне техника да жетіспейді. Сондықтан еріктілер халық арасында насихат жүргізіп, суға түсу кезінде абай болуға шақыруда.

  • 18 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бір өкініштісі, тұрғындар құтқарушылардың түрлі ескертулеріне құлақ асар емес. Бір ғана мысал: шомылу маусымы басталған екі аптаның ішінде облыста 15 адам суға кетіпмерт болды. Ал демалушылар “сақтансаң сақтаймын” деген қағиданы ескермесе,  қаралы тізім  әлде де толыға түсуі мүмкін.

Суға кеткендердің  тізімі  тәулік сайын толығып жатыр. Бүгін  де Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында бір ер кісі қаза тапты. Кінә өзінен де бар: арақ ішкен. Ішімдікке тыйым салынса да, жағажайда «қызып алып» жүргендер көп. Бұл  үш жігіт те  тал арасында тығылып,ішімдік ішіп отырған жерінде ұсталды.  

Ал судан құтқару қызметі ескертуді елемейтін тұрғындармен күресуден қажығандарын ашық айтып отыр. Оларға көмекке жергілікті казактар ұйымының белсенділері келді. Бұлар өздерінің ұлттық киімдерін киім алуды да ұмытпапты.

Александр Бирюков, казак атаманы:


Біз өз еркімізбен көмектесіп жатырмыз. Өзімізді көрсетіп қалайық деген ой болған емес. Алайда айтқан насихатымызға  атүсті қарайтындар көп.  Салдары қайғылы оқиғамен аяқталуда. Осыдан халық сабақ алса дейміз.

Демалушыларға шомылу ережелері жазылған парақшалар таратылды.

Мейіржан Нұрладиев, Теміртау қаласының тұрғыны:

Қорқуға болады. Бірақ, ажалын келсе қазір-ақ өліп кетесің ғой. Қаншама адам суға кетіп жатыр. «Сақтансаң сақтаймын» дейді. Әйтеуір, өзіміз  судың тереңдігін  біліп  барыпшомыламыз.

Мамандар жағажайдағы ахуалды толығымен бақылау мүмкін еместігін айтады. Оның үстіне құтқарушылардың саны да аз, техникалық мүмкіндіктері де шамалы. Сақтықта қорлық жоқ! «Бұл — шомылу кезінде ескерілетін басты  қағида болып қалуы тиіс» -дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар