Бақилық болған 77 жастағы Василина және 79 жастағы Юрий Вакульколар. Тұрғындардың айтуынша, кәріліктен жүріп тұрудан қалған кемпір мен шалды құтқарған ешкім болмапты. Туғандары жоқ қарияларды көршілері іздегенде ғана олардың денелері өз үйлерінен табылған. Құтқару операциясын мінсіз атқардық деген Төтенше жағдайлар қызметі қазір қарттардың тұншығып өлгенін мойындағысы келмей, түлкібұлаңға салып отыр.