Қарағанды облысында тасқынға қатысты сотта Мәжіліс депутатының аты аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тасқынға қатысты сотта Мәжіліс депутатының аты аталды

Қарағанды облысында тасқынға қатысты сотта Мәжіліс депутатының аты аталды

Қарағанды облысында былтыр көктемде тасқын шайған Көкпекті ауылындағы қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды. 5 адамның өмірін жалмап, 300-ден аса шаңырақты ойран еткен апатқа 1 кәсіпкер мен екі шенеунік жауап беріп жптыр. Алғашқы процесте-ақ айыптау қорытындысы аталған үшеудің жіберген олқылықтары мен қылмыстарын тізіп берді. Зардап шеккен жұрт та, «шығындардың өтеуі осылардан бола ма» деп айғайға аттан қоса келген. Алайда сотталушылар қылмыстық істің атүсті жүргізілгенін айтып, бұл нағыз кінәлілердің құтылып кетуіне жол ашады деп мәлімдеді.

  • 21 Қараша 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Бұл 2014 жылдың 30 наурызы. Апаттың жақындағанынан құлағдар болған жұрт көшеде сеңдей соғылысады. Жойқын күшпен келген, биіктігі екі метрден асатын тасқын жолындағысының түгін қоймаған. Қызыл судың арасындағы мұз кесектері тиген жерін талқандапты. Апат салдарынан 5 адам өліп, үш жүздей баспана қирап, мыңнан аса мал қырылды.

Бір жарым жылға созылған тергеуден кейін осы аптақа айыпты деген үшеу бүгін соттың алдында тұр. Олар қойманы жалға алып, балық шаруашылығын жүргізген «Табиғат» фирмасының директоры Дмитрий Крючков пен ауыл әкімі Бақытжан Смайылов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы бастығы Ринат Жантүлеков. 

Гүлден Хамитова, прокурор: 

Крючков дамбаны ешқандай рұқсатсыз пайдаланған. Техникалық қауіпсіздік сақталмаған. Шлюздерден су жіберу тәртібін бұзған. Ал Жантүлеков төтенше жағдайдың алдын алуда әрекетсіз болған. Ауыл әкімі болса, дамбаның апатты жағдайда екенін біле тұра жұмысын тоқтатуды талап етпеген.

Дегенмен үшеуі де өздеріне тағылған айыптың бір де бірімен келіспеді. Өйткені су қоймасын жалдаған кәсіпкердің дамбаның апат алдында тұрғаны туралы шенеуніктердің бәріне жазған бір бума қағазы бар. 

Владимир Крючков, «Табиғат» ЖШС директоры:

Тергеудің таққан айыптарында бірізділік жоқ. Бір сөзі екіншісіне кереғар. Мен су қоймасын мемлекеттен жалға алып отырмын. Ал қираған дамбаның өз қожайыны бар. 

Көкпектімен іргелес жатқан бірнеше ауылдың жері «Шаңырақ» серіктестігінің меншігінде. Оған Мәжіліс депутаты Рауан Шаекиннің әкесі Михаил Шаекин иелік еткен. Ал апаттан кейін бұл фирманың басқаның атына аударылғаны анықталды. Тіпті дамбаның ол фирма меншігінде еместігін сотта дәлелдеп беріпті. Бірақ «Шаңырақ» елдің есінде бар.


Светлана Вулыбина, Көкпекті ауылының тұрғыны:

-Шаекиндердің «Шаңырақ» фирмасына қарайтынын білеміз. Айналадағы жер де, бөгет те солардыкі. Ал су қоймасында «Табиғат» фирмасының балық өндіріп жатқанын кейінгі жылы ғана білдім.  

-Алғашқы сот процесіне келген жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі сот алдына келгендер жазалансын десе, екіншілері кінәні басқадан іздеу керек дейді. Себебі, жылдар бойы апатты жағдайда тұрған нысан жайын ауыл әкімі айтса да, облыс басшылығы керек қылмаған. Енді мемлекет те, жеке фирма да ат-тонын ала қашқан нысан үшін кім жауап беретінінін сот анықтап көруге тырсады

Соңғы жаңалықтар