Департаменттің хабарлауынша, тұмауға шалдыққандар саны эпидемилогиялық табалдырықтан асып кеткен алғашқы қалалар қатарында Балхаш пен Приозерск бар. Бүгінде тұмау дертімен ауыру көрсеткіші эпидемилогиялық шек мөлшерінен арту оқиғасы Қарағанды, Теміртау және Қарқаралы қалалары мен Шет аудандарында байқалып отыр.
Облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің жанынан шұғыл штаб құрылды. Дәрігерлік мекемелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, ауруханалар мен емханаларда міндетті түрде бетперде тарту, ал емханаларда науқастардың жағдайын мінедтті түрде өз үйінде қадағалау тәртібі сақталуда.
Жедел жәрдем қызметінің ақпараты бойынша, тұмау және тыныс жолының күрделі қабынуы белгілерімен жедел жәрдем шақыру саны тәулігіне 120-130 -ға жетті. Мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің мәліметі бойынша, 2005-жылдың бастапқы екі аптасында Қарағандыда тыныс жолының күрделі қабыну дертіне шалдығуға қатысты 9 мың оқиға тіркелсе, олардың 5 процентін тұмау иемденеді. Жылдың алғашқы аптасымен салыстырғанда ауру көрсеткіші екі есе артты.