Қарағанды облысында үш адамның өліміне қатысы бар учаскелік инспектор сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында үш адамның өліміне қатысы бар учаскелік инспектор сотталды

Қарағанды облысында үш адамның өліміне қатысы бар учаскелік инспектор сотталды

Қарағанды облысында немқұрайдылыққа жол бергені үшін учаскелік инспектор 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 19 Шiлде 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

Қарқаралы аудандық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көктемгі су тасқыны кезінде Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылында учаскелік инспектордың немқұрайдылығы салдарынан үш адам қаза тапқан,  үшеуі дене жарақаттарын алған.

Ауыл әкімі учаскелік инспекторға су деңгейі көтерілген аумақтарда адамдар мен көлік қозғалыстарына тыйым салуын тапсырған. Бұл жұмысты жүзеге асыруға жүргізушісімен УАЗ автокөлігі де бөлінген.

Тапсырма берілгеніне қарамастан, ауыл тұрғындарының жолдың қауіпті аймақтарымен жүруіне тыйым салудың орнына сотталушы А. ондаған адамдарды өзіне берілген  автокөлікке отырғызып, басқа елді мекенге жеткізбекші болған. Жолдың қауіпті бөлігінен өте бере көлік суға батып, адамдар ажал құшты.

Қарқаралы аудандық соты ІІБ учаскелік инспекторы А-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстінің 371 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп таныды. Оған екі жыл бас бостандығынан айыру және үш жыл ішінде мемлекеттік қызметте, полицияның учаскелік инспекторы қызметін және құқық қорғау, жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару  құқығынан айыру үкімі шығарылды.


Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар