«Тұтас бір ауылдың амандығын ойлап, басын өлімге тіккен батыр әріптесіміздің басына ескерткіш орнатуды азаматтық парызымыз деп санадық. Жас ұрпақ бүгінгі күннің батырларын білуі керек. Біз оны ұмытқанымыз жоқ және ерлігін құрмет тұтамыз», — деді И.Жолаев.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында жоспарлы оқу-жаттығу барысында ұшақ істен шығып, экипаж командирі Марат Едігеев оқиға орнында қаза болған еді. Маратпен ұшақта бірге болған штурман Руслан Ғалымзянов аман қалды.