Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды

Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды

Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды. 3 миллион теңге ұттыңыз деп сүйінші сұраған басылым көктемнен бері қарияның басын айналдырып, қалтасын қағыпты. 

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Тайтөлеу Жылқыбайұлы өзін 5 айдан бері 3 млн теңгенің иегері есептеп келген. Байқау шартындағы сөзжұмбаққа жасырылған Ресейдің 7 қаласының атын қария бірден тауып, құпия торларды бар болғаны 20 минутта толтырып шығыпты. «Жеңімпаз атандыңыз, сыйлығыңызға жету үшін ұсақ-түйек заттарды пошта арқылы сатып алыңыз» деген шарт қойған. Мақтауын асырып, күн құрғатпай хабарласып, әбден есін алған екен. Бақыттан басы айналған қария зейнетақыдан жырымдап жүріп, 20 рет сауда-саттық жасапты. Осылайша, 30 мың теңгесін аударып жіберіп, жер сипап қалған.    

Тайтөлеу Жылқыбайұлы, зейнеткер:

— Хат келді. Сіз обшым жеңімпаздардың ішінде жоқсыз деп. «Ей, телеграммаларың қайда, ключтерің қайда? Бұларың не?» десем, трубканы тастай салды. Халқыма, еліме айтарым, мұндайлардың алдауына түспеңдер, ешқандай ақша аудармаңдар деп. Тіпті, осыны шығарып отырған газет редакторларына кінә тағам мен.

Соңғы жаңалықтар