Қарағанды облысында жарылғыш заттар өндіретін зауыт ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жарылғыш заттар өндіретін зауыт ашылды

Қарағанды облысында жарылғыш заттар өндіретін зауыт ашылды

Қарағанды облысында жарылғыш заттар өндіретін "Реофлекс" зауыты ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2004
  • 807
Фото - Caravan.kz

Бұл — «Қазақмыс» корпорациясы мен Испанияның «ЮИИ-Қазақстан» фирмасы бірлесіп құрған жаңа зауыт. Ол ұзақ мерзімді келісім-шартында қарастырылған бес бірлескен кәсіпорынынң алғашқысы. Шарт бойынша, жарылғыш заттар шығаратын бес бірдей зауыт Қарағанды облысының аумағында салынады. «ЮИИ-Қазақстан» фирмасының бас директоры Хосе Мария Касестің облыс әкімімен кездесуде хабарлағанындай, бірлескен жобаның жалпы құны 20 млн. долларды құрайды.

Нұрқазған кен орны аумағындағы бірінші зауыт алғашқы өнімін бере бастады. Өндірістің жобалық қуаты жылына 27 мың тонна жарылғаш зат өндіруге есептелген. Маусым айында зауыт айына 700 мың тонна өнім шығара бастайды.
Қазіргі жағдаймен зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушысы — «Қазақмыс» корпорациясы болса, испандықтар болашақта өз өнімдерімен Қазақстанның ішкі рыногын қамтамасыз етіп қана қоймай, оны шетелдероге де шығарамыз деген сенімде.