«Патриот» телеграм каналының хабарлауынша, марқұмның туыстары болған оқиға жайлы баяндап берген. Жас жігіт 11 қыркүйек күні кешке достарымен серуендеп, басқа жігіттермен сөзге келіп қалды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
— Олар Әлішерді қуып жетіп, жабылып аяусыз соққыға жықты. Ал Әлішердің достары қорқып, оны тастап, қашып кетті. Үйге келгенде, болған жағдайдан кейін шыдай алмай және өзін-өзі өлтірді. Біз полицияға жүгіндік. Бұл жауыздардың жазаланғанын қалаймыз. Сол кеште марқұммен бірге болған жігіттер оны қалай ұрып-соғып, мазақ еткенін айтты. Бірақ олар кейін айтқандарынан бас тартады. Бұл шағын қалалардың шындығы, — дейді туыстары.
«Сол күні аталған жайт бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді . Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде», — деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.