Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және комбинат жұмысшыларымен кездесті. "Кездесу нәтижесі бойынша жағдай реттелді. Ауылдағы жағдай бірқалыпты, облыс әкімінің бақылауында", — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. Жанжалдың себебі әзірше белгісіз.